Пропустить ссылки переходов
НЕГІЗГІ БЕТ
Жаңалықтар
Афиша
Фестивалдар мен байқаулар
«Халықтық» өнер ұжымдары
Галерея
Пропустить ссылки переходов
Абай атындағы қалалық орталық кітапхана
Областық Ш.Уалиханов атындағы ғылыми әмбебап кітапхана
Областық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы
Областық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан


Портал > қаз > Электрондық қызметтер > Мәдениет, спорт және туризм > Жарияланымдар > Облыстық кітапханалар жүйесі > Облыстық кітапханалар жүйесі > Областық Ш.Уалиханов атындағы ғылыми әмбебап кітапхана
 
 

Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада

Кітапхананың толық мекен жайы:

Индекс:  080000

Тараз  қаласы

Сүлейменов атындағы көше, 17 а

Тел.:  45-29-56,  45-43-87,   45-14-99

Жұмыс уақыты:

10-00-ден – 19.00-ге дейін

Үзіліссіз

Демалыс – жұма

Әр айдың соңғы күні – тазалық күні

 

Кітапхана құрылымдары:

Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада бүгінгі күні:

- Кітапхана  ісін ұйымдастыру және дамыту бөлімшесі

- Абонемент бөлімшесі

- Оқу залы

  Кітап қорын сақтау бөлімшесі

- Депозитарлық сақтау қоры

- Кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімшесі

- Кітап айырбас-резерв секторы

-  Мерзімді басылымдар секторы

- Өнер жөніндегі әдебиеттер секторы

- Шетел әдебиеттері секторы

- Кітапхана ісін автоматтандыру секторы

- Шаруашылық бөлімдері өздеріне бекітіліп берілген жұмыс бағыттары бойынша,  кітапхана ісін дамытуға өз үлестерін қосып келеді.

Кітапхана тарихынан:

Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы төл тарихының тамыры 1898 жылы Әулиеата қаласында қоғамдық кітапхана болып ашылғаннан басталған. Алғаш  кітапхананың  кітап қоры 460 дана кітап, 4 газет, 10 журнал  болған.

1920 жылы кітапханада  кітапхана меңгерушісі, кітап түптеуші кітапханашы қызмет атқарған.

1930 жылдары кітапхананың кітап қоры 12 мың данаға көтеріліп, балаларға арналған басылымдарға көңіл бөліне бастаған.

Осы жылдары оқырмандардың кітап қорын толық және дұрыс пайдалануы үшін сонымен қатар кітапхана ісін жетілдіру мақсатымен алғашқы жүйелі каталог құрылған.

 1940 жылы 7 наурызда  Жамбыл облысы құрылғаннан кейін кітапхана қызметіне айтарлықтай өзгерістер енгізілген. Жамбыл облыстық еңбекші депутаттар кеңесінің атқару комитеті және облыстық халыққа білім беру бөлімінің бұйрығымен кітапхана қорындағы балалар әдебиеті толығымен жаңадан ашылған кітапханаға бөлініп берілген.

1965 жылы кітапханаға қазақтың тұңғыш ағартушы ғалымы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың есімі берілген.

1970 жылы кітапхана   Ы.Сүлейменов көшесінің бойынан арнайы соғылған екі қабатты ғимаратқа көшірілген.

Облыста қаншама өзгерістер мен қиыншылықтар болғанымен кітапхана қорын  жаңа басылымдармен толықтыру жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Кітап қорында ХІХ ғасырдан бергі басылып шыққан басылымдар жинақталған. Тарихи құнды басылымдар мұқият сақталынып, жаңа басылып шыққан басылымдармен толықтыру жан-жақты зерделеніп жүргізілуде.

1995 жылы Стамбул қаласында ИФЛА кеңесі даярлаған «Кітапхана қорын толықтыру үшін ақпараттар желісіндегі ресурстарды пайдалану» тақырыбындағы конференцияға сол кездегі кітапхана директоры қатынасып тәжірибе жинақтап қайтқан.

Қарағанды, Павлодар, Өскемен облыстық кітапханаларының озық үлгідегі тәжірибелерімен кітапхана қызметкерлерінің танысып,  іскерлігін дамытуына мүмкіндіктер жасалған.

Кітапхананы 1970-1980 жылдары Шаханова Жатбала Шаханқызы, 1981-1990 жылдары Маусымбаева Клара Хамитқызы, 1990-2005 жылдары Балқыбекова Жеңіскүл Аққазқызы, 2005 -2008 жылдары  Нұргелдинова Риза Кеңесбекқызы, қазіргі уақытта 2008 жылдың желтоқсан айынан   бастап Айтжанова Жанат Дүкенбайқызы басқарады.

Мәңгілік парасаттылықтың ордасы болып саналатын кітапхана шаңырағы астында Қазақстанның арқалы азаматтары: Ш.Мұртаза,  Ә. Тарази, ақындар: Т.Рахым, К.Ахметова, жергілікті жазушылар К.Баялиев, Б.Әбілдаев балалар жазушысы Ә. Қалдыбаев, драматург жазушы Е. Әлімжан, т.б. өнер, қоғам қайраткерлері оқырмандармен дидарласып ой бөліскен және бұдан да былай жалғасын таппақ.

Ерен  еңбектері ескеріліп 2000ж. Ж.А. Балқыбекова  Жамбыл облысы әкімі С.Ә. Үмбетов қол қойған мақтау грамотасымен, 2007 жылы М.З.Әлішева Жамбыл облысы әкімі Б.Жексенбин қол қайған грамотасымен, К.А.Лян Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министірлігі мен ҚР мәдениет пен өнерді қорғаудың мемлекеттік қорының «Мәдениет қайраткері  белгісі», 2001ж Р.К.Нұргелдинова ҚР тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай «Мерекелі медалі» белгілерімен марапатталды. Кітапхана ұжымы 2002ж. облыстық кәсіподақ ұйымының мақтау грамотасымен, 2002 жылы  денсаулық жылын ұйымдастыру мен өткізуде белсене қатысқаны, денсаулық сақтау жүйесін қолдауға және салауатты өмір салтын насихаттауға қосқан үлесі үшін  облыс әкімінің арнайы ДИПЛОМЫМЕН  марапатталды.

Кітапханада «Ақиқат», «Аруана» қоғамдық көпшілік клубтары жұмыс істейді. Клуб қызметі  түрлі бағыттар мен тақырыптарда конференциялар, сөз таластарын, тіл мәдениетін дамыту, салауатты өмір қалыптастыру т.б. іс шараларды ұйымдастырады. Кітапхананың  ретроспективті кітап қорының мазмұнын ашатын, жаңадан келіп түскен басылымдарды оқырмандарға жеткізіп  отыратын кітап көрмелері, жарнамалық қызмет түрлері жүйелі түрде ұйымдастырылып жүргізіліп тұратын қаланың мәдени орталығының бірі болып саналады.

Кітапханамен облыс орталығындағы мәдени орталықтары, Әулиеата орталық мешіті, жоғарғы және арнаулы оқу орындары, Жамбыл облыстық білім департаменті, Оңтүстік әскери бөлімшесімен байланыстар көп жылдан бері дәстүрлі жалғасын тауып келеді.

2003 жылдың маусым айынан бастап кітапхана оқырмандарға ақылы қызмет көсретеді.

Кітапхананың әдістемелік бөлімі 1960 жылдардан бастап құрылуына байланысты ауыл аймақтардағы мемлекеттік кітапханаларға әдістемелік көмек көрсете бастаған. Мәдениет басқармасының жанынын құрылған кітапхана қызметкерлерінің  білімін жетілдіру бөлімінің тұрақты лекторлары кітапханадағы  білімі жоғары, аса білгір, кәсіби шебер мамандардан топтастырылған.

1970 жылдары республика көлемінде кітапхана ісін дамыту негізінде  орталықтандыру жүйесін құру басталды. Облыс көлеміндегі 15 орталықтандырылған кітапхана жүйесін құруға облыстық кітапхана басшылық жасап жетекшілік етті. 1996 жылы облыстағы 354 кітапхана жабылып, 1997 жылы 21 кітапхана жергілікті тұрғындарға қызмет көрсетуге тура келді. ҚР Президентінің  жарлығымен 2000 ж. «Мәдениетті қолдау» жылына орай кітапханалар қайта ашылып, Жамбыл облысы әкімінің мәдениет басқармасы бұйрығына сәйкес аудандық кітапханалар қайта орталықтандырылған кітапхана жүйесі болып  құрылды. Бүгінгі күні облыста аудандық 268, қалалық 7, облыстық 3, барлығы 278 кітапхана  халыққа қызмет көрсетуде. Облыстағы кітапханалар тарихында қандай өзгерістер болмасын облыстық кітапхана өзінің әдістемелік жұмыс жүргізу, көмек көрсету мақсатты бағыттармен қызмет атқарып келеді.

Кітапхана жаңа ғасыр талаптарына сәйкес оқырмандарға қызмет көрсету аясын кеңейту мақсатымен жігерлі де ынталы ізденістер үстінде.

Кітапхана  ісінің негізгі бағыттары мен мақсаты:

- Азаматтардың конституциялық құқы мен кітапхананы пайдалану нормаларына сәйкес ақпараттар алуына жағдай жасау;

- Кітапхананың кітап қорын бүгінгі күн талабына лайық деп саналатын маңызды, құнды басылымдармен толықтыру;

- Жаңа ғасырдағы жеке тұлғалардың қалыптасуына, адамзат баласының рухани дамуына, білімді ұрпақ тәрбиелеуге үлес қосу;

- Кітапхана ісіндегі ақпараттық автоматтандыру процестерін  жетілдіріп, ақпараттық ресурстар құру, дерек қорларды толықтыру;

- Кітапхананың ақпараттық кеңістігін «Коорпаративті каталог» желісіне  енгізу;

- Кітапхананың  веб-сайтын айтарлықтай кеңейтіп, жаңа деректермен толықтыру;

- Жаңа технологиялық қызмет көрсету, электронды құжаттар жеткізу қызметінің белсенділігін арттыру;

- Құрылған іскер мамандар тобының келелі ойлары мен кәсіби шебер тапқырлығы нәтижесінде кітапхана ісін дамыту;

- «Атамекен», «Ақиқат»  қоғамдық  клубтар қызметін зерделі ой мен тұжырымды істер жүргізу арқылы арттыру;

- Облыстағы кітапхана қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттыру, ғылыми әдістемелік жұмыстармен қамтамасыз етуді дамыту.

АБОНЕМЕНТ

Абонемент бөлімі кітапхана ашылған күннен бастап оқырмандарға қызмет көрсетеді.

Абонемент бөлімінің кітап қорын ересек және жасөспірімдер толығынан пайдалана алады. Кітап қоры қазақ және орыс тілдеріндегі көркем әдебиеттер мен қатар әр түрлі білім салаларындағы әдебиеттер, оқулықтар, көмекші оқу құралдарынан құрылған. Кітап қорының жалпы саны 73,0 мың дана. Мемлекеттік тілдегі басылымдар 11,0 мың дана.

Бөлімге жазылу ақылы қызмет секторының арнайы талоны және оқырманның жеке куәлігі арқылы жүргізіледі. Әдебиеттер негізінен 15 күнге, сонымен қатар оқырмандар сұранысындағы аз мөлшердегі басылымдар белгіленген ережеге сәйкес беріледі.

Бөлімде кітапханаға келуге мүмкіншілігі жоқ қарт және жүріп тұруы шектеулі оқырмандарға басылымдарды үйге апарып беру қызметі көрсетіледі.

Оқырмандар назарына бөлімдегі «Ақиқат»  әуесқойлар қоғамдық клубы ұйымдастырған сөз таластары, оқырмандардың білім сайыстары мен конференциялар, зерделі ойындарының тыңдаушысы бола отырып, ынталы оқырманның алдағы уақытта клуб мүшесі болуына мүмкіндігі бар.

ОҚУЗАЛЫ

Оқу залының кітап қоры энциклопедиялардан, анықтамалық құралдар мен оқулықтардан кітапхананың ең құнды және сирек кездесетін басылымдарының  жиынтығынан  құралған. Бөлім қорындағы 66,1 мың дана, мемлекеттік тілдегі 11,2 мың  дана түрлі бағыттағы білім салаларын қамтитын кітаптар қазақ және орыс тілдерінде жинақталған. Кез келген оқырман оқу залының кітап қорынан  таба алмаған кітаптарын кітап қорын сақтау бөліміне тапсырыс беру арқылы алып пайдалануына толық мүмкіндігі бар. Кітап қорында мүлдем жоқ немесе оқырман пайдалануында болуына сәйкес керек басылымын оқырмандар Қазақстанның және шетел кітапханаларының электрондық құжаттар көшірмесін ИНТЕРНЕТ арқылы алуына  болады.  Бүгінгі күні оқырмандарға  түнгі уақытқа басылымдар  беру, ақылы  «түнгі абонемент» қызыметі арқылы жүргізіледі. «Атамекен»  әуесқой  клубы жұмыс істейді. Клуб жұмысының мақсаты жастарға отаншылдық, патриоттық тәрбие және жерлес ақын-жазушылардың шығармаларын насихаттау.    

Оқу залы үзіліссіз, демалыссыз оқырмандарға қызмет көрсетеді.

МЕРЗІМДІ БАСЫЛЫМДАР СЕКТОРЫ

Мерзімді басылымдар секторы 1970 жылдан жұмыс жасайды. Мерзімді басылымдар секторы  оқу залының қызмет негізіне бағына отырып жұмыс жүргізеді. Сектордың басылымдар құрамы Қазақстандық және Ресейлік  мерзімді басылымдардан құралған.

Сектор қорындағы басылымдар 1948 жылдан бергі газет, журналдарды қамтиды. Күнделікті келіп түскен  жаңа басылымдармен оқырмандардың дер кезінде танысуына  толық мүмкіндігі бар.

Жылына 90 атау газет, 20 атау журналдар қазақ және орыс тілдерінде келіп түседі.

Сектор қызметкерлері күнделікті келіп түскен ақпарат  құралдары беттеріндегі ресми және өзекті, қызықты мақалаларға ақпарат сағаттары мен шолулар жүргізу арқылы жарнамалық насихат жұмыстарын жүргізеді.

ӨНЕР ЖӨНІНДЕГІ ӘДЕБИЕТТЕР СЕКТОРЫ

Кітапханада 1984 жылдан қызмет көрсетеді. Өнер жөніндегі әдебиеттер секторында адам баласын әдемілік пен сұлулыққа, өнер мен мәдениеттілікке баулыйтын өте құнды өнер саласындағы басылымдар жинақталған. Кітап қоры 8.0 мың дана, оның ішінде мемлекеттік тілде 800 дана.

Сектордың басылымдар қоры: кітаптар, суретті альбомдар, ноталық шығармалар мен мерзімді басылымдардан құралған. Сәулет өнері, музыка, театр, қолданбалы сән өнері, мәдениеттану саласындағы басылымдар осы сектордан табылады. Өнер, мәдениет саласындағы ұлы тұлғалар өмірі мен қызметіне байланысты деректер мен уақиғаларды баяндайтын басылымдар оқырмандардың мақсатты сауалына жауап береді.

Классикалық шығармалар мен ұлттық колориттегі түрлі шығармалар грампластинкаларын ұсынады. 

Өнер жөніндегі мақалалардың картотекасы оқырман талабына көмек көрсетеді.

Сектортордың мақсаты – өнер танушыларды, мәдениет қызметкерлерін,өнер сүйер қауымды кітапханаға тартып жас ұрпаққа қазақтың өнерін насихаттау.

ШЕТЕЛ ӘДЕБИЕТТЕРІ СЕКТОРЫ

Кітапханадағы шетел тілдеріндегі әдебиеттерді пайдаланатын оқырмандарға қызмет көрсету жолдарын жетілдіру мақсатымен 2001 жылы 1,7 мың дана басылым қоры жинақталып шетел   әдебиеттер секторы құрылған. Бүгінгі күні кітап қорында 2,6 мың дана басылым 20 елдің тіліндегі әдебиеттерді қамтиды. Кітап қорының негізгі бөлігі ағылшын, неміс, француз тілдеріндегі басылымдар. Сектор 5 атау журнал - «Attht Fountain», «Қазақстан мектептеріндегі шетел тілдері»,  «Мектептегі шет тілі Республикалық әдістемелік-педагогикалық журнал», «Speak Out», «Иностранные языки в школе», 3 тілде - ағылшын тілінде: «Che Cimes of Central Asia», неміс тілінде: «Deutsche Allgemeine Zeitung», түрік тілінде: «Ahiska») газеттер ұсынады.

Шет тілін үйренушілерге және тілдерін дамытушы оқырмандарға тұрақты кітап көрмелері, көпшілік іс шаралар ұйымдастырылады.

АҚПАРАТТЫҚ БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ БӨЛІМ

Бөлім Республика, өлке туралы басылымдарды насихаттауда  оқырмандарға дәстүрлі (картотека) қызмет түрін көрсетеді. Сонымен қатар түрлі бағыттағы оқырмандар сауалдарына  тақырыптық библиографиялық құралдар, көрсеткіштер, заң актілері, анықтамалық құралдар арқылы жүргізіледі.

Республика, облыс көлемінде аталып өтілетін күндер күнтізбесі, тақырыптық ұсыныс құралдарын,  жаңа кітаптар тізбелерін, жарнамалық парақшалар дайындап оқырмандар, әріптестер назарына ұсынады.

Анықтамалық аппараттарды дәстүрлі пайдаланушыларға көмек көрсетеді. Кітапханаға  жаңадан келген пайдаланушылар топтарына саяхат жүргізеді.

1970 жылдан «Жамбыл облысында аталып өтетін және еске алынатын күндер тізбегі»,библиографиялық көрсеткіштер, ақпараттық бюллетендер «Мамандар күні» және «Ақпарат  күнін» ұйымдастырып өткізеді.

Күнделікті өзекті мәселелерге байланысты картотекаларда айдарлар ашып, оқырмандардың уақтылы пайдалануына жағдай жасайды.

Бүгінгі таңда кітап қоры 4 мыңнан астам энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалықтар, библиографиялық құралдар ақпараттық құралдардан тұрады.

КІТАПХАНА ІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ БӨЛІМІ

Бөлім 1958 жылдан қызмет көрсетеді.Кітапхана ісін ұйымдастыру және дамыту бөлімі облыстағы мемлекеттік кітапханалардың әдістемелік үйлестіру орталығы болып саналады. Кітапхана жоспарын құрумен қатар кітапханалардың  жоспары негізінде облыстық түрлі бағыттағы жоспарлар құрады. Кітапханалардың есебіне талдау жасап сараптамалар жүргізеді.

Орталықтандырылған кітапханалар жұмысын жүргізуге арналған әдістемелік құралдар мен қатар бағдарламалар құрады. Кітапхана қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруға арналған лабараториялық оқу-тәжірибе сабақтарын ұйымдастырады. Семинар-тренингтер, «дөңгелек үстелдер» басындағы кездесулер, кітапханашылардың кәсіби деңгейін көтеруге бағытталған байқауларды ұйымдастырып өткізеді.

Оқырмандар арасында сауалнамалар жүргізіп, оқырмандар пікірінің әлеуметтілігін анықтап отырады. Кітапхана қызметінің саясатын жүзеге асыруда, мақсатты бағдарламалардың орындалуына ғылыми-әдістемелік көмек көрсетеді.

КІТАП ҚОРЫН ТОЛЫҚТЫРУ ЖӘНЕ ӨҢДЕУ БӨЛІМІ

Бұл бөлім  кітапхана құрылған алғашқы күннен бастап жұмыс істейді.Бөлім қызметі кітапхана қорының мазмұнды және әмбебап толықтырылып, қалыптасуына жауап береді. Кітап қорын жергілікті кітап сауда орталықтары,  түрлі қайырымдылық қорлары, жеке тұлғалар мен баспалар  арқылы толықтырады.

Бөлімдегі каталогтар 1947 жылдан бастап ұйымдастырылған.

Кітап қорының мазмұнын көрсететін алфавиттік және жүйелі каталогтарының дұрыс орналасуына жауапты. Сонымен қатар кітапхананың бас есеп каталогын жүргізеді.

Бөлімде « Кітап айырбас- резерф қоры» секторы жұмыс істейді. Сектор қорына кітапханалардан келіп түскен дублетті даналармен қатар, баспалардан, әкімшіліктен т.б. түсу көздерінен  басылымдар келіп түседі. Сектор кітапханаларға  және жаңадан ашылған кітапханалар қорын құруға басылымдар жинақтап бөлу жұмыстарын атқарады.

КІТАП ҚОРЫН САҚТАУ БӨЛІМІ

Кітап қорын сақтау бөлімінде кітапханаға келіп түскен мәдени мұраның негізгі бөлігі – ғылыми және мәдени мазмұны бар  басылымдардың бақылау және артық даналары  жинақталған.

Бөлім қорын оқырмандар қызмет көрсету бөлімдері арқылы пайдаланады. Кітап қорында 60,0 мың дана,мемлекеттік тілде 15,0 дана басылымдар бар.

Бөлімде «Қорды депозитарлық сақтау секторы» жұмыс істейді.

Қорды депозитарлық сақтау қорында басылымдар 1896 жылдан бергі сирек қолданыста болатын басылымдар жинақталған. Қоғамдық мазмұны пайдалануға жарамды деп саналатын, сирек сұраныстағы қазақстандық және әлемдік басылымдар жинақталған. 1974 жылы 7 -

- Алматы

- Жамбыл

- Талдықорған

- Өскемен

- Қызылорда

- Семей

- Шымкент облыс кітапханаларынан депозитарлық қорыға кітап алынды.

АВТОМАТТАНДЫРУ СЕКТОРЫ

Бұл сектор 2000 жылы ашылды. Алғаш секторға 2 компьютер берілді. 2001 жылы 1 компьютер берілді.Қазіргі таңда кітапханада 32 компьютер жұмыс жасап тұр. Автоматтандыру секторында  2007 жылы электрондық зал ашылды. 2008 жылы  толық «РАБИС» бағдарламасы енгізілді.Осы бағдарлама бойынша жаңа түскен басылымдар электрондық каталогқа енгізілуде.

Автоматтандыру секторында оқырмандардың керек ақпараттық деректерін ИНТЕРНЕТ қызметі арқылы пайдалануына мүмкіндіктері бар. 2000 жылы ИНТЕРНЕТ желісіне қосылды. Қажетті ақпараттарды  дискеттерге жазып алуға ақпараттар алып, тапсырыстар беруге  қызықты мәліметттерге қол жеткізу үшін кеңестер алуға болады.

Электронды почта қызметін  пайдалану арқылы хабар алмасу жұмыстары жүргізіледі.

 «Қазақстан Республикасы заңдары» дерек қорын оқырмандар назарына ұсынады. 

Автоматтандыру секторы қызмет көрсетеді:

-                     Электрондық каталогтың құрылымы;

-                     ИНТЕРНЕТ желісіне шығу;

-                     «РАБИС» бағдарламасын енгізу;

-                     Web дизайн.

-                     Электрондық пошта  /ounb_ualihanova@mail.ru/;

-                     Көшірме т.б

     

 Без_имени

   Кітапхана жаңалықтары

М.Мақатаевтың 80 жылдық мерей тойына орай  

   

Абонемент бөлімшесінде ақиық ақын М.Мақатаевтың 80 жылдық мерей тойына байланысты Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық педагогикалық колледжі, М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің білімгерлері, ТарМУ-дің жанындағы көп салалы колледжінің оқытушыларымен тұрақты оқырмандардың қатысуымен «Ақын ғұмыры - өлмес жыр» тақырыбында әдеби-сазды кеш өтті.    толығырақ >>>

Copyright © 2009 Аким Жамбылской Области | О Портале | Контакты | Ссылки